Мектепте Жалпыхалықтық диктант өтті |
Елбасы Н. Назарбаев сәуір айында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласында Қазақ елі 2025 жылға дейін Латын әрпіне көшіріледі деген тапсырмасын басшылыққа ала
отырып №6 орта мектепте Латын әліпбиі бойынша диктант жазу шарасы өткізілді.
![](http://osak6.narod.ru/kazdiktant/1.jpg)
Диктант республика бойынша бір уақытта 14 қараша сағат 11:00 де басталып, жазып шығуға 30 минут берілді.
Жалпыxалықтық диктантты өткізудің негізгі мақсаты – латын графикасындағы қазақ әліпбиін кеңінен
наслиxаттау және тарату, республика азаматтары арасында жаңа әліпбиді меңгерудің практикалық дағдыларын
қалыптастыру.
![](http://osak6.narod.ru/kazdiktant/2.jpg)
Диктанттың тақырыбы «Рухани жаңғыру». Диктант соңында қатысушыларына нәтижесін орнында тексеру
үшін, пернетақтаға мәтін шығарылды. «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаланың дұрыс нұсқасы
шығарылып, қатысушылар өздерінің жұмыстарымен салыстырды.
![](http://osak6.narod.ru/kazdiktant/3.jpg)
Диктант жазуға қатысқан «Үздік жазба» деп 2 мұғалім мен 3 оқушы танылып, арнайы « Алғыс хат» табыс
етілді. Жастардың латын әліпбиінде жазуға деген икемі көңіл қуанарлықтай дәрежеде өткені – басталар
бастамаға негіз болады деп сенеміз.
![](http://osak6.narod.ru/kazdiktant/4.jpg)